Аршалы ауданының полицейлері Жібек Жолы ауылында жасалған пәтер ұрлығын ашты. Жедел уәкілдер елорда ломбардтарының бірінен 500 мың теңгенің ұрланған алтын зергерлік бұйымды тауып, кейін күдіктіні анықтады.
Полицейлер анықтағандай, 2 қазанда 79 жастағы ауыл тұрғыны үйден аз уақытқа шығып кеткен. Бұл уақыт қаскөйдің пәтерге кіріп, алтын білезікті ұрлауы үшін жеткілікті болды.
Иесі зергерлік бұйымды кимек болып, екі күннен кейін ғана жоғалып кеткенін байқаған. Бұл туралы зейнеткер туыстарына хабарлады, содан кейін ақпарат полицияға түсті.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, қаскүнем жүрген көлікті анықтады. Маршрутты қадағалап, жедел уәкілдер ұрланған білезік тапсырылған елордалық ломбардты белгіледі. Одан кейін полицейлер зергерлік бұйымды тапсырған азаматтың жеке басын анықтады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Алтын білезік заңды иесіне қайтарылды.
Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің Ақмола облысы мен елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Полицейлер қысқа мерзімге де үйде болмау ұрлық қаупін азайтпайтынын еске салады. Кетер алдында алдыңғы есікті құлыптап, құлыптардың сенімділігін тексеріп, құнды заттарды көзге қалдырмау қажет. Қырағылық пен қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау мүлікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға көмектеседі.
Елордалық ломбардтан 500 мың теңгенің алтын білезігі табылды: Ақмола облысында пәтер ұрлығы ашылды
Ұқсас материалдар

МАҢҒЫСТАУЛЫҚ ТЕАТР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬДЕ ӨНЕР КӨРСЕТТІ
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыАшу
Атырауда «Ұлттық мұра – мәңгілік қазына» аймақтық семинары өтуде
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыАшу
Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді
Қармақшы ауданының әкімдігіАшу
Жас сарбазға құрмет көрсетілді
Қармақшы ауданының әкімдігіАшу
29 қыркүйек күні «Отпан» тарихи-мәдени кешенінде “Әжелер салған-әрлі өнер” атты шеберлік сағаты өткізілді
Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасыАшу
"Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Мал шаруашылығын дамытуға 5 миллион теңге уәде етілді: ақмола тұрғыны алаяқтардың кесірінен 2 миллионнан астам шығынға ұшырады
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Мас және құқықсыз: Көкшетауда жол-қозғалысы ережесінің бірден екі бұзушылығы анықталды
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Таңдау құны: Көкшетауда бұрынғы сотталған жеңіл табыстың салдары туралы студенттерге айтып берді
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Бұзушылықты көріп, хабарлау: ақмола тұрғыны полицейлерге қоғамдық тәртіп бұзушыны жауапқа тартуға көмектесті
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу
Хайп үшін дрейф? Неліктен жүргізушілер қауіпті маневрлер жасайды -Ақмола облысының полицейлері мән-жайды анықтады
Ақмола облысының Полиция департаментіАшу