Бұзушылықты көріп, хабарлау: ақмола тұрғыны полицейлерге қоғамдық тәртіп бұзушыны жауапқа тартуға көмектесті

    Тазалық жинаудан емес, әр адамның тұратын жеріне көңіл бөлуінен басталады. Бұл ереже қоршаған ортаға және қоғамдық орындарға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға арналған "Таза Қазақстан" бастамасының негізінде де жатыр.
    Ақкөл қаласының тұрғыны өз мысалында тәртіп сақтауға бей-жай қарамау маңызды екенін көрсетті. Ол үйінің ауласында тұрақта тұрған көліктің жүргізушісі есікті ашып, қоқысты тікелей жерге тастағанын көрді.
    Азамат полицияға QR кодты пайдаланып, бұзушылық туралы хабарлады.
    Полиция қызметкерлері хабарламаға жедел жауап берді. Инспектор құқық бұзушының жеке басын анықтады, ал ұсынылған материалдар құқық бұзушылық фактісін растады. 25 жастағы ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
    Құқық қорғау органдары "Таза Қазақстан" аясында өңір тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға және бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырады.
    Сонымен қатар, полицейлер құқық бұзушылықты әрбір азамат QR-код, "102" мобильді қосымшасы немесе "102" нөмірі арқылы хабарлай алатынын еске салады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Полиция департаменті" жаңалықтары