Алматыда жүлде қоры 94 400 000 теңге болатын бәйгеден Қазақстан чемпионатының финалы өтеді

    Алматы ипподромында 10 қазанда бәйгенің бірнеше түрінен 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

    Чемпионаттың іріктеу кезеңдері Қазақстанның жеті өңірінде – Қызылорда, Талдықорған, Екібастұз, Павлодар, Зайсан, Ақтөбе және Қостанай қалаларында ұйымдастырылды.

    Маусым бойы қатысушылар түрлі қашықтықта бақ сынап, Алматыда өтетін шешуші жарысқа жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады.

    Чемпионат бағдарламасына құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, сондай-ақ Қазақстанда туған жылқыларға арналған арнайы жарыстар енгізілген.

    Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 94 млн 400 мың теңге.
    Күні: 10 қазан 2026 жыл
    Басталуы: сағат 09:00
    Өтетін орны: Алматы ипподромы, Омаров көшесі, 10А.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары