САТЫП АЛАР АЛДЫНДА БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАРДЫ (ББҚ) ТЕКСЕРУДІҢ 5 ҚАДАМЫ

    1. ББҚ-ның мемлекеттік тіркеуден өткенін тексеріңіз

    Қазақстан Республикасының аумағында ББҚ айналымына мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жол беріледі.

    ББҚ-ның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (МТК) бар екеніне және өнім туралы мәліметтердің қаптамадағы ақпаратқа сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

    Мемлекеттік тіркеуден өткен ББҚ тізбесі Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізілімінде орналастырылған:

    https://portal.eaeunion.org/sites/odata/_layouts/15/Portal.EEC.Registry.Ui/DirectoryForm.aspx?ViewId=1631d8b8-efd5-4a46-80d9-5e252e7986bb&ListId=0e3ead06-475-466a-a340-6f69c01b5687&ItemID=231#

    2. Таңбалануын тексеріңіз

    Қаптамада өнімнің атауы, құрамы, өндірушісі, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары және қолдану жөніндегі ұсынымдар көрсетілуі тиіс.

    Заттаңбасы жоқ немесе ондағы мәліметтер мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес келмейтін ББҚ-ны сатуға жол берілмейді.3. Цифрлық таңбалау кодын тексеріңіз

    2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ББҚ-ны міндетті цифрлық таңбалау енгізілді. Міндетті таңбалауға жататын өнімнің қаптамасына тауарды сәйкестендіруге және оның айналымын қадағалауға мүмкіндік беретін Data Matrix коды қойылады.

    Сатып алу кезінде цифрлық таңбалау кодының бар-жоғын және оқылуын ресми тексеру құралы арқылы тексеру ұсынылады.

    iOS үшін:
    https://apps.apple.com/ru/app/naqty-%C3%B3n%D1%96%6m/id1544720295

    Android үшін:
    https://play.google.com/store/apps/details?id=naqty.onim.kz&hl=ru

    Цифрлық таңбалау өнімді сәйкестендіруге және оның өндірушіден тұтынушыға дейінгі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.

    Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген ББҚ қалдықтарында Data Matrix кодының болмауы өздігінен өнімнің заңсыз екенін білдірмейді. Бұрын өндірілген жекелеген өнім қалдықтарын өткізу үшін белгіленген тәртіп көзделген.

    4. «Емдік әсері бар» деген уәделерге сенбеңіз

    ББҚ дәрілік заттарға жатпайды және ауруларды емдеуге арналмаған.

    «Кепілді түрде арықтатады», «созылмалы ауруларды емдейді», «дәрілерді алмастырады» деген және басқа да емдік әсер туралы уәделерге сақтықпен қараңыз.

    Әлеуметтік желілердегі оң пікірлер, блогерлердің ұсынымдары немесе өнімнің танымалдығы оның қауіпсіздігін, тиімділігін және заңнама талаптарына сәйкестігін растамайды.

    5. ББҚ-ны заңды сату орындарынан сатып алыңыз

    ББҚ-ны тек дәріханалардан, дәріхана пункттерінен және мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыз. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің болуын талап етіңіз.

    Әлеуметтік желілер, мессенджерлер немесе сатушы мен өнімнің шығу тегі туралы ақпарат жоқ сайттар арқылы белгісіз сатушылардан ББҚ сатып алу ұсынылмайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары