2026 жылғы 8 қазанда Май ауданына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы М.Б. Әбілдин және «Қала құрылысы кеңесі» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Н.А. Қайрденова жұмыс сапарымен келді.
Сапар аясында аудан әкімдігі аппаратының активі және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен отырыс өткізіліп, мемлекеттік қызмет саласындағы өзекті мәселелер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Сонымен қатар азаматтарды қабылдау және ауданның мемлекеттік заңды тұлғаларында басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.
Сапар соңында өкілдер Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету жұмысының ұйымдастырылуымен танысты.









