
Май ауданының мемлекеттік қызметшілері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Пікірсайыс барысында қатысушылар өз білімдері мен қабілеттерін көрсетіп, өз ұстанымдарын дәлелді түрде жеткізе білді. Қатысушылардың басым бөлігі пікірсайысқа алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан, олар өз ойларын еркін, ашық әрі қысылмай жеткізіп, белсенділік танытты.
Пікірсайыс барысында маңызды мәселелер көтеріліп, мемлекеттік органдардың жұмысын жетілдіруге және мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жақсы ұсыныстар мен тың идеялар айтылды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар табысталды.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да осындай кездесулерді жалғастыруды жоспарлап отыр. Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің шешендік өнерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, сыни ойлау қабілетін дамытуға және өзекті мәселелерді еркін талқылауға мүмкіндік береді.











