Қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді

    Қызметтік әдеп нормалары түсіндірілді

    Аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ашимов Нұрдан Абайұлы мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында қызметтік міндеттерді адал орындау, мінез-құлық қағидаларын сақтау және азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті мәселелері қаралды.

    Сонымен қатар, Zoom бейнеконференциясы форматында ауылдық округтер әкімдерімен жеке кеңес өткізіліп, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды.

    Белгіленген талаптарды сақтау мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.

    Қызметтік әдеп нормалары түсіндірілдіҚызметтік әдеп нормалары түсіндірілдіҚызметтік әдеп нормалары түсіндірілді
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Май ауданының әкімдігі" жаңалықтары