
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Нариман Жахудаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиын барысында аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов облыстық және аудандық зерделеу тобымен жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысын баяндаса, М.Нәлібаев, Қожакент ауылдық округтерінің әкімдері округ аумағындағы мемлекеттік рәміздердің қолдану мен насихаттау барысы туралы хабарлама жасады.
Комиссия отырысында мемлекеттік рәміздерді қолдану кезінде қолданыстағы заңнама мен ұлттық стандарттар талаптарын сақтау, оларды тиісті деңгейде орналастыру және насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Аудан әкімінің орынбасары мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің орналасу тәртібіне, олардың сыртқы талаптарға сәйкестігіне және мемлекеттік нышандарды насихаттау жұмыстарының мазмұнына жауапкершілікпен қарау қажеттігін атап өтіп, тұрақты бақылауда ұстауды қатаң тапсырды.








