
Жиында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, аумақтарды қоқыстан тазарту, көшелер мен қоғамдық орындарды абаттандыру, сондай-ақ тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері қаралды.
Жауапты мекемелер мен ауылдық округтерге санитарлық тазалық жұмыстарын сапалы ұйымдастырып, белгіленген жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
19 қыркүйек күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында облыстық сенбілік өтеді. Аталған шараға Май ауданының барлық ауылдары мен елді мекендері қатысады.
Осыған байланысты ауданның барлық тұрғындарын алдағы сенбілікке белсенді қатысуға және туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз!
Тазалық – ортақ жауапкершілік!








