Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай ескерткіш мемориалға бару

    Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай ескерткіш мемориалға бару

    8 қыркүйек 2026 жылы Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай Май ауданының ақсақалдары және қоғам белсенділері Курчатов қаласына арнайы сапармен барды.

    Сапар барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығының музейін аралап, Семей ядролық сынақ полигонының тарихымен, жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарымен және ядролық сынақтардың зардаптарын зерттеу бағытындағы жұмыстармен танысты.

    Сондай-ақ делегация полигон аумағында 35 жылдық тарихи датаға орай орнатылған мемориалдық кешенге барып, тағзым етті.

    Бұл сапар – өткен тарихты ұлықтап, ядролық сынақтардың зардабын ұмытпай, бейбітшіліктің қадірін кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды белгісі.

    Тарихты ұмытпайық. Бейбітшілікті бағалайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Май ауданының әкімдігі" жаңалықтары