2026 жылғы 5 қазан мен 5 қараша аралығында Мұнайлы ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
Іс-шара аясында отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қорғау нұсқамасы шығарылған, сондай-ақ мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексерілуде.
Сонымен қатар аталған азаматтармен профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, заң талаптарын сақтау, жанжалдардың алдын алу және құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі түсіндіріледі.
Мұнайлы ауданының полиция бөлімі








