Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

    1 / 5

    Бүгін, 15 қазан күні Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Съезбек Кариповтың төрағалығымен кеңес отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

    Күн тәртібінде қала тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасы, ауызсумен қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

    Атап айтқанда, медицина және мәдениет салалары мамандарының тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған өңірлік бағдарлама әзірлеу, ана мен баланы қорғау бағытындағы медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, ауызсудың сапасын бақылау және үздіксіз берілуін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды. Коммуналдық тарифтер мен көрсетілетін қызметтердің сапасына сәйкестігін талдау, су және жылу есептегіш құралдарының орнатылу деңгейін тексеру мәселелері көтерілді.

    Жиын барысында Ақтау қалалық қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия төрағасының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Жиын барысында ұсыныстар айтылып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары