Жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз!
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Тұрғындарға жылыту құрылғыларын пайдаланар алдында олардың жарамдылығын тексеру, пештер мен түтін мұржаларын тазалау, газ жабдықтары мен электр сымдарының қауіпсіздігіне көз жеткізу ұсынылады.
Сондай-ақ ақаулы электр құрылғыларын пайдалануға, жылыту құралдарын қараусыз қалдыруға және олардың жанына тез тұтанатын заттарды қоюға болмайды.
Өрттің алдын алу үшін үйге автономды өрт хабарлағышын орнату маңызды.
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – адам өмірі мен мүлкін қорғаудың кепілі!









