Абай облысында полиция қызметкерлері ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру белгілерінің болуын тексеруде. Бұл жұмыс мал ұрлығының алдын алуға және есепке алынбаған жануарларды анықтауға бағытталған.
Өңірде 844 256 бас ірі қара мал, 1 363 006 бас ұсақ мал және 433 958 жылқы бар. Оның ішінде асыл тұқымды мал басы 42 400 ірі қараны, 86 700 қойды және 1 770 жылқыны құрайды.
Жануарларда заңнамада көзделген сәйкестендіру құралдары болмаған жағдайда, олар арнайы тұрақтарға орналастырылып, ветеринариялық қызмет өкілдері шақырылады. Мамандар есепке алу деректерін тексереді. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті лауазымды тұлғалар мал иелерін ветеринария саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартады.
Жылқыларға қатысты қағидаларда таңбалау немесе чиптеу қарастырылған. Сондықтан жануар басқа да заңнамада көзделген тәсілмен сәйкестендірілген болса, электрондық чиптің болмауы өздігінен заң бұзушылық болып саналмайды.
Жануардың жеке нөмірі мен ветеринариялық дерекқордағы нақты мәліметтер оның кімге тиесілі екенін анықтауға және шығу тегін тексеруге мүмкіндік береді. Бұл, соның ішінде, мал ұрлығын тергеу кезінде маңызды рөл атқарады.
Полиция мал иелерін жануарларды уақтылы сәйкестендіруге, сатып алу және сату кезінде мәліметтерді жаңартуға, сондай-ақ жайылымда жүрген малды қараусыз қалдырмауға шақырады.
Мал жоғалған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлау қажет. Сонымен қатар жануардың фотосуреттерін, жеке нөмірлерін, таңбасы мен ерекше белгілері туралы мәліметтерді ұсыну және оның соңғы рет жайылған жерін көрсету маңызды.
Сәйкестендіру белгілері жоқ мал: Абай облысының полициясы тексеру жүргізуде
Ұқсас материалдар

Астанада жаңа жылдық безендіру мәселесі талқыланды
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
Қазақстан мен ФАО су ресурстары саласындағы әріптестік бағдарламасын әзірлеу мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшуАбай облысының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен профилактикалық жұмысты күшейтуде
Абай облысының прокуратурасыАшу
ІІМ: Бір айда республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жойылды
ҚР ІІМАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Шекара талғамайтын қауіпсіздік: Абай облысында шетелдік жүргізушілерге Қазақстанның жол қозғалысы ережелері табысталды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Қауіпсіздік тәжірибеден басталады: Семейде оқушылар жол қозғалысы ережелерін автоқалашықта үйренді
Абай облысының Полиция департаментіАшу
«Мал ұрлығы» ЖПІШ: Абай облысында сегіз қылмыстық топ анықталып, өткен жылдардағы бес мал ұрлығы ашылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Неліктен полицейлер граффитиді бояп өшіреді?
Абай облысының Полиция департаментіАшу
"Ассаламағалейкум, Аяжан деші": Семейде қонақүйде жанжал шығарған тұрғын бес тәулікке қамалды
Абай облысының Полиция департаментіАшу