Абай облысында полиция қызметкерлері шетелдік жүргізушілерге арналған профилактикалық акция өткізді. Акция барысында Ресей мен Беларусь елдерінен келген автокөлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидалары жазылған кітапшалар табысталып, жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Абай облысы — шетелдік көлік құралдары көп жүретін транзиттік өңір. Сондықтан Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтетін немесе елімізге алғаш рет келген жүргізушілер үшін жергілікті жол қозғалысы ережелерін білу аса маңызды.
Акция барысында полиция қызметкерлері жүргізушілермен әңгімелесіп, Қазақстанның жол қозғалысы қағидаларының талаптарын жақсырақ түсінуге көмектесетін ақпараттық материалдар таратты.
«Сыйлықтарыңызға рақмет! Өте жақсы кітап екен. Міндетті түрде оқып шығамын, өйткені әр елдің өз жол қозғалысы ережелері бар», — деді Беларусь елінен келген жүргізуші.
Полиция көліктің қай елде тіркелгеніне қарамастан, жол қозғалысы қағидаларын сақтау және рөлде мұқият болу барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал ететінін еске салады.
Шекара талғамайтын қауіпсіздік: Абай облысында шетелдік жүргізушілерге Қазақстанның жол қозғалысы ережелері табысталды
Ұқсас материалдар

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз!
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
СҚО полицейлері банктерге жинақ ақшаны күмәнді жолмен шешіп алу әрекеттері туралы хабарлауды ұсынды
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Санкт-Петербургтен келген 66 жастағы велосаяхатшы Қазақстан полицейлеріне алғыс білдірді
Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментіАшу
Жауапкершілік - мамандықтың негізі
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қаратал ауданының әкімі Жолбарыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті
Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қауіпсіздік тәжірибеден басталады: Семейде оқушылар жол қозғалысы ережелерін автоқалашықта үйренді
Абай облысының Полиция департаментіАшу
«Мал ұрлығы» ЖПІШ: Абай облысында сегіз қылмыстық топ анықталып, өткен жылдардағы бес мал ұрлығы ашылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Неліктен полицейлер граффитиді бояп өшіреді?
Абай облысының Полиция департаментіАшу
"Ассаламағалейкум, Аяжан деші": Семейде қонақүйде жанжал шығарған тұрғын бес тәулікке қамалды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Есірткіге қарсы спорт: Семейде 80 жасөспірім веложарысқа қатысты
Абай облысының Полиция департаментіАшу