12 қазан күні Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Атамекен» студенттер отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Байғанин ауданында мемлекеттік саясатты түсіндіру, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын насихаттау, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.
Кездесулер аудан тұрғындарының, Байғанин аудандық спорт және музыка мектебінің қызметкерлерінің, сондай-ақ Жарлы және Ноғайты ауылдық округтері тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы, мемлекеттік бағдарламалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ақпараттық топ құрамында:
🔹 Шаңғытбаев Нұржан Құрманғалиұлы – топ жетекшісі, «Атамекен» студенттер отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
🔹 Ақниязов Нұрхан Сабыржанұлы – еңбек ардагері;
🔹 Жасакбаева Жайнагуль Сагатовна – «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
💬 Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ақпараттық топ мүшелерімен пікір алмасты.
🤝 Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – қоғам мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын кеңінен түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУЛЕРІ ӨТТІ
1 / 5
Ұқсас материалдар

Астанада жаңа жылдық безендіру мәселесі талқыланды
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
Қазақстан мен ФАО су ресурстары саласындағы әріптестік бағдарламасын әзірлеу мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшуАбай облысының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен профилактикалық жұмысты күшейтуде
Абай облысының прокуратурасыАшу
ІІМ: Бір айда республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жойылды
ҚР ІІМАшу
"Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары

ОЙМАУЫТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
ДИЯР АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
БАЙҒАНИН АУДАНЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу
ҚАРАУЫЛКЕЛДІДЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Байғанин ауданының әкімдігіАшу