1 / 5
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған екіайлық тазалық жұмыстары барысында Қарауылкелді ауылында мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қатысуымен сенбілік өткізілді.
🍃 Сенбілік барысында ауыл көшелері күл-қоқыстан тазартылып, әлеуметтік нысандар мен саябақтардың аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
🔹Туған жердің тазалығы – ортақ жауапкершілік. Осыған орай ауыл тұрғындарын өз үйлерінің аумағын ретке келтіріп, арамшөптерді жұлып, айналасын таза ұстауға шақырамыз.
🔹Таза ауыл – баршамызға ортақ міндет!









