ОЙМАУЫТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 5

    Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Жаңажол ауылдық округіне қарасты Оймауыт ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өзекті мәселелерін талқылады.

    🔹 Кездесу барысында ауылдың инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру бағытында атқарылған және жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

    🔹 Атап айтқанда, ауылға табиғи газ беріліп, тұрғындар көгілдір отынның игілігін көруде. Сонымен қатар елді мекенде 150 орындық мектеп-балабақшаның құрылысы жүргізілуде.

    🔹 Жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» автомобиль жолының 132–143 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезінде тұрғындардың қатынасына қиындық туғызған Ащыағыр көпірінің құрылысы аяқталу сатысында.

    🔹 Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Аудан әкімі тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің назарда болатынын жеткізді.

    🔹 Кездесу қорытындысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру міндеттері айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары