Семейде мемлекеттік қызметшілерге арналған этносаралық татулықты нығайту және диалог жүргізу дағдыларын дамыту тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар келіссөз жүргізу, әңгімелесушіні мұқият тыңдау және азаматтармен тиімді қарым-қатынас орнату жолдарын меңгерді. Сондай-ақ дау-дамайды шешу және ортақ мәмілеге келу тәсілдері қарастырылды.
Тренингте түрлі жағдайлар мысалға алынып, қатысушылар оларды шешу жолдарын тәжірибе жүзінде пысықтады.
Семинар мемлекеттік қызметшілер үшін даулы мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіруге, қоғамда сыйластық пен татулықты сақтауға бағытталды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі








