ДИЯР АУЫЛЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    1 / 8

    Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов Миялы ауылдық округіне қарасты Дияр ауылының тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің өзекті мәселелерін талқылады.

    🔹 Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы электрмен және газбен қамтамасыз ету және ауыз сумен қамту мәселелерін көтерді. Сонымен бірге, электр қуатының жеткіліксіздігіне байланысты трансформатордың орнын ауыстыру жөнінде ұсыныс білдірді.

    🔹 Кездесу қорытындысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің назарда болатынын атап өтіп, оларды кезең-кезеңімен шешу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары