Елордада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тұрғын үй секторында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Профилактикалық жұмыстар барысында полиция қызметкерлері тұрғын үйлер мен аулаларды аралап, қоғамдық тәртіптің сақталуын тексереді, профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша тиісті тексеру жүргізеді.
Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жанжал жағдайларын дер кезінде анықтау, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау және тұрғындардың тыныштығын бұзатын әрекеттердің жолын кесу мәселелері басты назарда.
Іс-шара барысында азаматтық қару иелерінің қаруды сақтау қағидаларын сақтауына да назар аударылады. Мәселен, Мұхамедханов көшесіндегі мекенжайлардың бірінде жүргізілген тексеру нәтижесінде құқық бұзушылық анықталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Полиция азаматтарды құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға, заң талаптарын сақтауға, өз ауласы мен тұрғын үйінің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға және ұсынылған QR-кодтарды белсенді пайдалануға шақырады. Қауіпсіз үй — тыныш ауладан, жауапты тұрғыннан және ортақ тәртіптен басталады!
Қауіпсіздік үйден басталады: Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Ұқсас материалдар

Астанада жаңа жылдық безендіру мәселесі талқыланды
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
WPC Energy конгресінің эстафетасын тапсыру рәсімі өтті
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
Қазақстан мен ФАО су ресурстары саласындағы әріптестік бағдарламасын әзірлеу мәселесін талқылады
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіАшуАбай облысының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен профилактикалық жұмысты күшейтуде
Абай облысының прокуратурасыАшу
ІІМ: Бір айда республика бойынша 15 мыңға жуық граффити жойылды
ҚР ІІМАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Халық алғысы – полиция қызметіне берілген жоғары баға: елорда тұрғыны учаскелік полиция инспекторына ризашылығын білдірді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елорда полициясы интернет-алаяқтарға ақшаңызды иемденуге жол бермеулеріңізді ескертеді!
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында 4 700-ден астам тұрғын үй нысаны тексерілді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елорда полициясы бірінші курс студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу