«Тектұрмас» тазалығы – тарихи мұраға құрмет

    Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Вандализмге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды. «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Жастар қанаты өткізген іс-шараға 50-ге жуық жас қатысып, тарихи орын аумағындағы 150-ге жуық граффити жазуын өшірді.

    Акцияның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраны қорғау, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және жастар арасында вандализмнің алдын алу.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, тарихи орындарға құрмет көрсету – әр азаматтың жауапкершілігі. Ескерткіштерді бүлдірмеу, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау және туған өлкенің мұрасын сақтау ортақ міндет болып табылады.

    Тарихи мұраны сақтау – өткенге құрмет, болашаққа аманат!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары