Алматы облысы Әділет департаментінің Талғар ауданының аумақтық мәжбүрлеп орындату бөлімі филиалы, Алматы облыстық адвокаттар алқасының, Алматы облысының нотариаттық палатасының, сондай-ақ Алматы облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының өкілдерінің қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және заңға деген құрметті нығайтуға бағытталған.
Іс-шара барысында азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңестер берілді. Іс-шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар нотариаттық және адвокаттық қызметке, атқарушылық іс жүргізуге және заң көмегін көрсетудің өзге де бағыттарына қатысты мәселелер қаралды.
Халықты құқықтық ақпараттандыруға, бұзылған құқықтарды қорғаудың заңнамада көзделген тетіктерін түсіндіруге, сондай-ақ туындаған құқықтық мәселелерді заңды жолмен шешуге жәрдемдесуге ерекше назар аударылды.
Алматы облысының Әділет департаменті құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Заң және тәртіп — әділетті әрі құқықтық қоғамның негізі!









