Астана қаласының Полиция департаментіне Нұра ауданының учаскелік полиция инспекторы Расул Бекназардың қызметіне ризашылығын білдірген тұрғыннан алғыс хат келіп түсті.
Тұрғын өз хатында полиция қызметкерінің кәсібилігін, жауапкершілігін және азаматтарға деген құрметін ерекше атап өткен. Оның айтуынша, учаскелік инспектор әрбір өтінішке мұқият қарап, тұрғындардың мәселелерін тыңдап, оларды шешуге барынша көмек көрсетуге тырысады.
«Жауапкершілігі жоғары, адал әрі жанашыр қызметкер азаматтарға құрметпен қарап, әрбір өтінішке мұқият қарайды. Осындай полиция қызметкерлері халықтың сенімі мен құрметіне ие болып, тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», – деп жазған алғыс білдіруші.
Расул Қайратұлы Нұра аудандық Полиция басқармасының № 50 учаскесінде учаскелік полиция инспекторы болып қызмет атқарады.
Учаскелік инспектордың жұмысы – тек құқық бұзушылықтың алдын алу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес. Бұл – тұрғындардың сеніміне ие болу, олардың мәселелеріне бейжай қарамау және қиын жағдайда қолдау көрсету.
Халықтың алғысы – полицей еңбегінің ең маңызды бағаларының бірі. Осындай жылы лебіздер азаматтар мен полиция арасындағы сенімді нығайтып, қызметтік міндетін адал атқарып жүрген қызметкерлердің еңбегіне берілген лайықты баға болып табылады.
Халық алғысы – полиция қызметіне берілген жоғары баға: елорда тұрғыны учаскелік полиция инспекторына ризашылығын білдірді
Ұқсас материалдар

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ақтөбе қаласының әкімдігіАшу
Тараз қаласында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Aimap Kids» жобасы жүзеге асырылуда
Тараз қаласының әкімдігіАшу
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫНА ШАҒЫМДАНУ ТӘРТІБІН ТҮСІНДІРЕДІ
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментіАшу
Тұрғындар қауіпсіздігі — басты назарда: Әуезов аудандық СЭББ-ның 2026 жылдың 9 айдағы жұмыс қорытындысы
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
«Позитивті жастар»: Алматыда бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі технология, шығармашылық және ұлттық құндылықтарды біріктірді
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қауіпсіздік үйден басталады: Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елорда полициясы интернет-алаяқтарға ақшаңызды иемденуге жол бермеулеріңізді ескертеді!
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында 4 700-ден астам тұрғын үй нысаны тексерілді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елорда полициясы бірінші курс студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу