Жасанды интеллект, заманауи бейнебақылау және роботтандырылған технологиялар елорданың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосуда. Астана қаласының Полиция департаменті төрт робот-итті қолданысқа енгізіп, оларды қоғамдық тәртіпті бақылау мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына пайдалануда.
Елордада қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс заманауи технологиялардың көмегімен жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта робот-иттер адам көп шоғырланатын сауда орталықтары мен қоғамдық орындарда жұмыс істеп, полиция қызметкерлеріне қоғамдық кеңістіктердегі жағдайды бақылауға көмектесуде.
Жасанды интеллект — қауіптің алдын алуға арналған заманауи құрал.
Робот-иттер жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған бейнекамералар арқылы айналадағы жағдайды бақылап, бейнеақпаратты нақты уақыт режимінде тікелей Жедел басқару орталығына жеткізеді. Бұл полиция қызметкерлеріне қоғамдық орындардағы ахуалды жедел бағалап, қажетті жағдайда тиісті шараларды уақытылы қабылдауға мүмкіндік береді.
Технологияның маңызды мүмкіндіктерінің бірі — іздеуде жүрген адамдарды анықтауға көмектесу. Робот-иттерге интеграцияланған жасанды интеллект жүйесі бет-әлпетті сәйкестендіреді. Сәйкестік анықталған жағдайда Жедел басқару орталығына автоматты түрде дабыл хабарламасы жіберіледі.
Бұл технология полицияның жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырып, іздеудегі адамдарды анықтау жұмысына қосымша қолдау көрсетеді.
Қауіпсіз қала — тек қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар ықтимал қауіптердің алдын алу, оқиғаларға уақытылы әрекет ету және әрбір азаматтың тыныштығын қорғау. Астана полициясы осы бағытта заманауи технологияларды пайдаланып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысын жалғастыруда.
Астанада робот-иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуде
Ұқсас материалдар

Ұлытау облысындағы медициналық-әлеуметтік сараптама: 9 айдың қорытындысы
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіАшу
Қолжетімді орта — баршаға ортақ мүмкіндік
ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментіАшу2026 жылғы 14 қазанда кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның «Жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында кеңейтілген отырысы өткізілді
Өскемен қаласының әкімдігіАшу
Қарағанды облысының алты колледж студенті Қазақстанның үздік 100 студентінің қатарына енді
Қарағанды облысы Шет ауданы Ортау ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Astana Media Week 2026 аясында үздік баспасөз хатшылары мен баспасөз қызметтері марапатталды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіАшу
"Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қауіпсіздік үйден басталады: Астанада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Халық алғысы – полиция қызметіне берілген жоғары баға: елорда тұрғыны учаскелік полиция инспекторына ризашылығын білдірді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елорда полициясы интернет-алаяқтарға ақшаңызды иемденуге жол бермеулеріңізді ескертеді!
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елордада «Қауіпсіз үй» іс-шарасы аясында 4 700-ден астам тұрғын үй нысаны тексерілді
Астана қаласының Полиция департаментіАшу
Елорда полициясы бірінші курс студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізуде
Астана қаласының Полиция департаментіАшу