«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: «ӘДІЛЕТ КЕҢЕС БЕРЕДІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

    1 / 5

    14.10.2026 жылы Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылында, Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Ж.К.Самашевтың «Әділет кеңес береді» акциясы аясында азаматтарды қабылдауы өткізілді. Іс-шара халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталды.

    Іс-шараға адвокаттар, нотариустар және жеке сот орындаушылары да қатысып, азаматтарға түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңестер берді.

    Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері әділет органдары қызметінің бағыттары, оның ішінде атқарушылық іс жүргізу, нотариаттық және адвокаттық қызмет мәселелері бойынша қаралды. Сонымен қатар жекелеген мәселелер бойынша қажетті түсініктемелер беріліп, қосымша зерделеуді талап ететін өтініштер белгіленген тәртіппен жұмысқа қабылданды. Азаматтарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын қолдану, сондай-ақ өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәртібі түсіндірілді.

    Мұндай өзара іс-қимыл форматы халықпен тікелей диалог орнатуға, өзекті құқықтық мәселелерді уақтылы анықтауға және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

    Алматы облысы Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және қоғамда заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары