Жамбылдағы жасыл энергетика: табиғи әлеуеттен тұрақты энергияға дейін

    Жамбылдағы жасыл энергетика: табиғи әлеуеттен тұрақты энергияға дейін

    Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерінің қуаты 571,3 МВт-қа жетті

    Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытында 22 нысан жұмыс істейді. Олардың жалпы белгіленген қуаты 571,3 МВт құрайды.

    Күн энергетикасы: өңірдегі күн электр стансаларының жалпы қуаты – 271,25 МВт. Жуалы ауданындағы «Burnoe Solar-1» және «Burnoe Solar-2» стансаларының қуаты 100 МВт-ты құрайды. Ал «Айша күн шуақ» стансасының қуаты – 50 МВт. Оны қосымша 20 МВт-қа арттыру жоспарланған.

    Жел энергетикасы: жел электр стансаларының жалпы қуаты – 275,65 МВт. Шу ауданындағы Шоқпар ауылдық округінде құны 71,5 млрд теңгеден асатын жел электр стансасын салу жоспарланып отыр.

    Су энергетикасы: су электр стансаларының жиынтық қуаты – 24,4 МВт. Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасы маңында су энергиясын пайдалану бағытындағы жобалар жүзеге асырылуда.

    Инвестициялық жобалар: Шу ауданындағы қуаты 100 МВт болатын күн электр стансасына шамамен 60 млрд теңге инвестиция тартылған. Қордай ауданындағы «Отар» күн электр стансасының қуаты бастапқы 504 кВт-тан 7 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

    Жаңартылатын энергия көздерін дамыту өңірдің энергетикалық әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары