Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы: 8 айдың қорытындысы
2026 жылдың сегіз айында Жамбыл облысында медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, медициналық инфрақұрылымды жаңарту және кадр тапшылығын азайту бағытында бірқатар жұмыс атқарылды.
Кадр тапшылығы: облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарында 100 дәрігер жетіспейді, оның 60-ы ауылдық елді мекендерге қажет. Биыл өңірге 135 медицина маманы жұмысқа орналасты.
Инфрақұрылымды жаңарту: Талас ауданындағы 200 төсектік орталық аудандық аурухана құрылысы 95%-ға, Шу қалалық ауруханасының қабылдау бөлімінің құрылысы 45%-ға орындалды. Бес нысанда күрделі жөндеу толық аяқталды.
Заманауи жабдықтар: медициналық ұйымдардың медициналық жабдықтармен қамтылу деңгейі 92,7%-ды құрады. Талас және Шу аудандарына екі ангиограф пен екі МРТ сатып алу жоспарлануда.
Ауыл медицинасы: облыстың 10 ауданында 10 жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетеді. Сонымен қатар жедел жәрдем қызметіне 60 санитарлық автокөлік сатып алынды.
Цифрландыру: инсультті автоматты диагностикалауға арналған Cerebra жүйесі енгізіліп, Emdeu AI телемедициналық платформасы іске қосылды.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету: 2026 жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға 16,4 млрд теңгеге өтінім қалыптастырылды. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 11,4 млрд теңгенің өнімі жеткізілді.
Алдағы кезеңдегі басты міндеттер – дәрігер тапшылығын азайту, ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту.








