Терроризмге қарсы тойтарыс: әдістері мен жолдары

    Түркістан облысы Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы, №11 колледжі, Қазығұрт аудандық полиция бөлімі, Келес ауданы №65 ЖОМ, Келес аудандық орталық ауруханасы, Келес аудандық әкімдігі, Сарыағаш медресе – колледжі, Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында семинарлар ұйымдастырылды.

    Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында терроризм мен экстремизм сипатындағы теріс идеологияның қалыптасуына және таралуына жол бермеу, қауіп туындаған кездегі алғашқы әрекет ету алгоритмдерін таныстырып, бойларына сіңіру болып табылады.

    Түркістан облыстық ТҚК жұмысшы тобының мүшелерінен құрылған топ аудан, қалаларға іс-сапарға шығып, тыйым салынған теріс идеологияны уағыздаушылар туралы баяндамалар жасады.

    Аталғандар әлеуметтік желілер арқылы теріс идеологияларды насихаттау арқылы террористік әрекеттер жасауға итермелейді. Ол мемлекеттік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізетіндігі туралы жеткізілді.

    Іс-шаралар барысында ҚР ҰҚК ТҚО Штабымен дайындалған арнайы алгоритм талаптары көрсетілген бейнематериалдар ұсынылып, террористік қауіптің түрлері, оларға қарсы әрекет ету реттіліктері түсіндірілді.

    Кездесу қорытындысымен қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.

    Іс-шараға жалпы алғанда 100-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер қатыстырылды.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары