Түркістан облыстық Терроризмге қарсы комиссиясы Мақтаарал ауданының бірқатар топтарымен, яғни, Мырзакент кентінің жастарымен, Жамбыл ауылдық округінің тұрғындарымен және Сейтан ата, Молда Исмайл мешіттерінің жамағаттарымен терроризм профилактикасы мақсатында жиналыстар өткізді.
Жиналыстарда тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың уағыздаушылар туралы мәліметтер слайд түрінде ұсынылды. Олар террористік немесе экстремистік әрекеттерді жасауға бірден айдап салмайтындығы, арбау әдіс, тәсілдері туралы сөз қозғалды және террористік, экстремистік ұйымдар туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік желілердегі түрлі жасырын топтарда уағыздаушылар өздерінің теріс насихаттарын жүргізіп, теріс діни ілімді таратуда.
Осыған орай, барлық ақпараттарды тек расталған парақшалардан алуға кеңес беріп, арнайы брошюралар таратылды.
Жиналыстар барысында шетелдік күмәнді теологиялық білім беру ордалары, олардың жасырын теріс идеологияларды насихаттау әдістері түсіндірілді.
Балаларды шет елдерге оқуға жібермес бұрын ең алдымен оқу орнының толық қауіпсіздігіне көз жеткізу қажеттігі жеткізілді.
Нәтижесінде, қатысушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауапты мамандар тарапынан жауаптар беріліп, қосымша мәселелер талқыланды.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды








