Отырар ауданында орналасқан Талапты ауылдық округі «Көкмардан мәдениет үйі», «Аққұм», «Қарақоңыр», «Шілік», «Балтакөл» ауылдық округтерінің әкімі аппараты, «Ызакөл», «Р.Бердібай», «М.Әуезов» атындағы жалпы білім беретін мектептерінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптарын түсіндіру, объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жағдайын қалыпқа келтіру бойынша жиналыстар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – денсаулық сақтау ұйымдарының терроризмге қарсы қорғалу деңгейін арттыру, басшылардың құқықтық сауаттылығын күшейту, сондай-ақ террористік сипаттағы қауіп-қатерлер туындаған жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіру.
Жиын барысында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы салалық бұйрықтарының талаптары кеңінен талқыланды.
Сонымен бірге осал объектілерде алғашқы әрекет ету алгоритмі және олардың айналасындағы күдікті адамдар мен заттарды анықтау, қылмыс жасау немесе қатер төндіру туралы хабарламалардың түсуі (телефон, почталық арна, электрондық почта және т.б.), лаңкестік әрекеттерді жасау, орнатылған жарылғыш заттар, қарулы шабуыл, сондай-ақ кепілге алдынған кезде қалай іс-әрекет ету керектігі түсіндірілді.
Жиын соңында ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталық бөлімімен дайындалған оқу бейнематериалдары көрсетілді.
Жиын қорытындысы бойынша, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, жауапты қызметкерлермен толыққанды жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды








