Жастар арасындағы экстремизм мен терроризмнің алдын алу профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
Бұл ретте өскелең ұрпаққа радикалды идеологиялардың таралу қаупі және оларға қарсы тұру тәсілдері туралы уақтылы хабардар етудің маңызы ерекше.
Осыған байланысты, дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT-лицей интернатында, А. Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінде және №78 жалпы білім беретін мектепте ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.
Кездесулер барысында жастарға әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстар арқылы радикалды діни ағымдарға тартылудың қауіп-қатерлері түсіндірілді.
Ақпаратты сыни қабылдау, радикалды контентті ажырата білу және экстремистік сипаттағы материалдардың таралуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Экстремизмнің алдын алу діни құндылықтарды дұрыс түсінуден және шынайы ақпаратты радикалды идеялардан ажырата білуден басталады», - деп атап өтті қалалық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологы.
Сонымен қатар, оқушыларға заңнаманы сақтау және интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет ету қажеттілігі туралы түсіндірілді.
Мұндай кездесулер жастардың ақпараттық және құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ радикалды идеологияларға араласудың алдын алуға бағытталған.
Материал Шымкент қ. ТҚК ақпараты негізінде дайындалды









