Терроризмге қарсы алгоритм реттілігі түсіндірілді

    Мақтаарал ауданында орналасқан «№14 колледжінің» білім алушылары, ұстаздары және колледж ұжымы, Мақтаарал аудандық мәдениет үйінің күзет қызметкерлері мен мекеме ұжымдарына қатысты терроризм қаупі туындаған кезде жасалуы тиіс алгоритм реттілігін түсіндіру бойынша профилактикалық семинарлар өткізілді.

    Іс-шараның басты мақсаты – террористік тұрғыдан осал объектілерді, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын орындарда күдікті заттар анықталған кезде жасалуы тиіс алгоритм реттілігін бойларына сіңіру террористік актілердің түрлері және оларға қарсы әрекет ету алгоритм талаптарына баулу болып табылады.

    Кездесу барысында террористік актілердің жасалу түрлері жеке жеке сараланып, оларға қарсы әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді.

    Кез-келген күдік оқиғалар бойынша жауапты құзыры органдарға хабар беру, адамдардың өмірі басты байлық екенін ескеріп, алғашқы ден қою шараларын ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.

    Аталған семинарларда үйретілген теориялық дағдылар жиын соңында практикалық тұрғыда талқыланды және алгоритм реттілігі көрсетілген ҰҚКД Терроризмге қарсы орталық бөлімімен арнайы дайындалған бейнематериалдар көрсетілді.

    Сонымен бірге, жалған қоңырау түсінігі, қылмыс құрамы туралы сөз қозғалды.

    Саналы адамның барлық теріс әрекеттері үшін жауапкершілік қаралғандығы, өзге мақсатта террористік актілер туралы жалған хабарлама берудің құқықтық жауапкершілігі түсіндірілді.

    Іс-шара соңында оқушылар мен мектеп басшылығы көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұйымдастырушылар тарапынан тиісті жауаптарын алды.

    Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы" жаңалықтары