Тәртіп сақшыларының сапында: Талдықорған патрульдік полицейінің бір күні

    1 / 2

    Қала әдеттегі тіршілігімен өмір сүріп жатқанда, патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті күзетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кез келген оқиғаға жедел әрекет ету үшін күн сайын қызмет атқарады.

    Солардың бірі – полиция аға лейтенанты Санат Серікқалиұлы. Ол 2023 жылы полиция қызметіне қабылданып, бала күнгі полиция қызметкері болсам деген арманын жүзеге асырды.

    Оның жұмыс күні саптық таралымнан, нұсқамадан өтуден және арнайы құралдарды қабылдаудан басталады. Одан кейін қала көшелерін патрульдеу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.

    102 арнасына хабарлама түскен кезде патрульдік полицейлер оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жетіп, жағдайды бағалайды және негізгі жедел топ келгенге дейін қажетті шараларды қабылдайды.

    Әрбір шақыртудың артында біреудің мәселесі, ал әрбір патрульдік бағыттың артында қала тұрғындарының тыныштығына деген жауапкершілік тұр. Мұнда алдын ала белгілі бір сценарий жоқ. Әрбір жағдай мұқияттылықты, сабырлылықты және кәсібилікті талап етеді.

    Санат Серікқалиұлы үшін полициядағы қызмет – жай ғана жұмыс емес, бала күнгі арманының күн сайынғы жүзеге асуы әрі Талдықорған тұрғындарының қауіпсіздігіне қосқан үлесі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары