Жергілікті маңызы бар 3 852 км автокөлік жолын күтіп-ұстауға 2,3 млрд теңге қарастырылған. Қысқы маусымға 36 мердігер ұйым тартылып, 334 арнайы техника дайындалды. Сонымен қатар 10 мың тоннаға жуық көктайғаққа қарсы материал және 658 тонна жанар-жағармай қоры әзірленді. Бұл қажеттіліктің 100% құрайды.
Жазғы кезеңде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қар басып қалуы мүмкін жол учаскелерінің саны 115-тен 94-ке дейін қысқарды. 186 жылыту пункті дайындалып, жолдар бойында қардан қорғайтын 11,7 мың метр қалқан орнатылды.
Облыс әкімі Асайын Байханов жолдардың қар басып қалуы мүмкін учаскелеріне ерекше назар аударып, қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз етуді тапсырды. Ақсу қаласының, Аққулы және Шарбақты аудандарының әкімдіктеріне осы учаскелерді күтіп-ұстау бойынша үш жылдық келісімшарттарға көшу міндеттелді.
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өңірлік цифрландыру жоспары бекітілді. Жоспарда көзделген 52 іс-шараның 37-сі орындалды.
Білім беру ұйымдарында жасанды интеллект элементтері мен STEM-жобалар енгізілуде. Qazaq Digital Mektebi пилоттық жобасы 215 шағын жинақты мектепке кезең-кезеңімен енгізіледі. Өңірлік Tomorrow School кампусы базасында қарқынды курстарды 156 қатысушы аяқтап, тағы 82 адам үшінші курстан өтіп жатыр.
«Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында 342 мектепте тегін мектеп тамағын ұсыну үдерісіне цифрлық бақылау енгізілген. Кәсіпкерлерге арналған eGov Business платформасы да дамытылуда.
Өңір басшысы шалғай ауылдарды тұрақты байланыс және интернетпен қамтамасыз ету негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында 207 ауылға дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту көзделген. Автокөлік жолдарында мобильді байланыстың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 12 антенна-тірегі құрылысын салу жобалары әзірленді.
Жүйелі дамытудың келесі кезеңі 2030 жылға дейінгі Smart Region стратегиясы болмақ. Ол Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларын және аудан орталықтарын қамтиды.
Агроөнеркәсіптік кешенде егіс алқаптары 100% цифрландырылды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында цифрландыру бойынша 50-ден астам жоба іске асырылды.
Екібастұзда жылу желілерінің Zulu SCADA цифрлық балама үлгісі енгізілді. Бірыңғай 109 байланыс орталығында өтініштерді өңдеу үдерісін автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде. Қоғамдық қауіпсіздік саласында 156 әлеуметтік нысандағы 5 567 камераны біріктіретін Smart City Pavlodar жүйесі дамытылуда. Қазіргі уақытта өртке қарсы мониторинг 211 нысанды қамтиды. Жыл соңына дейін олардың санын 300-ге дейін арттыру жоспарланған.
22 медициналық ұйымда радиологиялық зерттеулерді жасанды интеллект көмегімен талдауға арналған PACS жүйесі енгізілуде. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 9 орталықта Protector AI және VisionGuardAI жүйелері жұмыс істейді.
Халыққа цифрлық қызмет көрсету бағытындағы тағы бір қадам - AI ХҚКО іске қосуға дайындық. Қаражат бөлініп, жабдықтарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Технологиялық бастамаларды дамытуға Pavlodar Hub қолдау көрсетеді: 2025-2026 жылдары мұнда 106 іс-шара өткізіліп, 42 стартап-жоба тіркелді.
Цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы ірі жобалардың бірі - Екібастұз қаласында KT AI HUB деректерді өңдеу орталықтары алқабын құру. Құрылыстың негізгі жұмыстарын 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қуаты 50 МВт болатын бірінші кезеңді 2027 жылғы 30 маусымға дейін іске қосу көзделіп отыр.
Firebird AI KZ компаниясы да 3,5 млрд доллар инвестиция салуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оның ішінде қуаты 109 МВт деректерді өңдеу орталығын салу да бар.
Талқылауды қорытындылаған Асайын Байханов цифрландырудың тиімділігі тұрғындардың күнделікті өміріне тигізетін әсері арқылы бағалануы керектігін атап өтті.
- Цифрлық технологиялардың дамуын тек енгізілген жүйелердің санымен ғана емес, олардың тұрғындар, бизнес және мемлекеттік органдар үшін тәжірибелік пайдасымен де бағалау қажет, - деді өңір басшысы.
20 қазанға дейін көлік, коммуналдық инфрақұрылым, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және білім беру салаларын қамтитын 2030 жылға дейінгі Smart Region стратегиясына ұсыныстар енгізу тапсырылды. 30 қазанға дейін архитектуралық порталда ақпараттық жүйелер туралы мәліметтерді өзектендіру қажет.
Негізгі міндеттердің қатарында байланыс желілерін одан әрі дамыту, ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен QazTech платформасына көшіру және цифрлық шешімдердің нақты нәтижесін қамтамасыз ету бар.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев









