Облыс әкімі Асайын Байханов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    1 / 9

    Тұрғындар нысандардың қауіпсіздігі, жергілікті қоғамдастықтың жұмысы, қараусыз қалған ғимараттарды пайдалану, инженерлік коммуникацияларға қосылу және басқа да мәселелер бойынша жүгінді.

    Атап айтқанда, Павлодардағы «Центральный» ГТК аумағына көліктердің кіріп-шығуына қатысты жағдай қаралды. Кооператив иелерімен кездесу ұйымдастырып, орын алған бұзушылықтарды жою мәселесін пысықтау тапсырылды.

    Қаратерек ауылының тұрғыны дене шынықтыру-спорт кешенін мамандармен қамту мәселесін көтерді. Пилоттық жоба аясында екі колледжде дуальды оқыту енгізілді. Облыс әкімі спорт инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушылар даярлау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

    Сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың жұмысы және Қаратерек ауылындағы қараусыз қалған екі ғимаратты пайдалану мәселелері қаралды. Май ауданының әкімдігіне нысандардың жай-күйін зерделеу тапсырылды.

    Көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынды.

    Жеке қабылдауға eGov.kz, E-otinish.kz немесе әкімдіктің WhatsApp +7 702 166 16 61 нөмірі арқылы жазылуға болады.

    Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының әкімдігі" жаңалықтары