1 / 3
Астанада қаланың тазалығы мен көркін сақтауға бағытталған «Антивандал» акциясы ресми түрде бастау алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Игі бастамаға «Астана Жастары» волонтерлері мен белсенді жастар қатысып, акцияны қолдауға актер Дәурен Серғазин де келді.
Акцияның алғашқы нүктелерінің бірі амфитеатр маңында ұйымдастырылды. Қатысушылар қала аумағындағы қажетсіз граффитилерді бояп, қоғамдық кеңістіктің көркін жақсартуға үлес қосты.
Іс-шара белсенді әрі ұйымшыл түрде өтіп, жастарды ортақ мақсатқа – Астананы таза, көрікті әрі жайлы қалаға айналдыруға біріктірді.
«Антивандал» – бұл жай ғана абаттандыру емес, бас қаламызға деген жанашырлық пен жауапкершіліктің көрінісі.
#законипорядок #заңментәртіп









