«Заң мен тәртіп»: елордалық колледждерде 500 студентке дроппер ісінің қаупі түсіндірілді

    1 / 5

    Құқық қорғау органдары мен прокуратура қызметкерлері елорданың Сарыарқа ауданындағы колледж студенттерімен профилактикалық кездесу өткізді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

    «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында ақпараттық-түсіндіру шарасы елордалық «Жастар» театрында ұйымдастырылды.
    Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Дамир Хисматуллиннің айтуынша, кездесудің мақсаты – жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

    «Сарыарқа ауданының аумағында 15 колледж бар. Бүгін осы оқу орындарының барлығының бірінші курс студенттері жиналды. Олардың саны – шамамен 500 адам. Кездесу жастар үшін өзекті тақырыптар талқыланған әңгімелесу форматында өтті. Спикерлеріміз – Астана қаласы Полиция департаменті мен аудан прокуратурасының қызметкерлері студенттерге қылмыстық және әкімшілік заңнаманың негізгі ережелерін түсіндірді.

    Сондай-ақ жастар алдында Қаржылық мониторинг агенттігінің мамандары сөз сөйлеп, киберқылмыстың қазіргі үрдістері туралы айтып берді. Әсіресе дропперлікке, яғни жастар жиі тартылатын қылмыстық әрекетке ерекше назар аударылды. «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының өкілдері діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселелерін түсіндірді», – деп хабарлады Дамир Хисматуллин.

    #законипорядок #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары