С.Сериков атындағы жалпы білім беретін мектепте 9–11-сынып оқушыларының қатысуымен «Прокурор сағаты» өткізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында жиі кездесетін өзекті құқық бұзушылықтар және олардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заң талаптарын сақтауға және кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін жауапкершілігіне ерекше назар аударылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасөспірімдердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру.
Ақмола облысының прокуратурасы



