Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу

    Зеренді ауданы прокуратурасының бастамасымен уәкілетті мемлекеттік органдар мен бейінді қызметтер өкілдерінен құралған мобильді топтың қатысуымен профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

    Іс-шара шеңберінде топ бұрын отбасылық-тұрмыстық жанжалдар фактілері бойынша шақыртулар тіркелген азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барды. Азаматтармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, оларға қолданыстағы заңнаманың талаптары мен құқық бұзушылық жасағаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы зерделеніп, әлеуметтік және консультациялық көмек көрсетілді.

    Жүргізілген жұмыс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, қауіп факторларын уақтылы анықтауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы отбасыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары