Павлодар облысында 400-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді

    «Таза Қазақстан» жобасы арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесі @pavlodar.rsk алаңында талқыланды. Экологиялық сауаттылықты арттыру және жастарды табиғатты қорғау қызметіне тартуу туралы Ақпарат жана қоғамдық даму басқармасының жастар және отбасы бөлімінің басшысы Жаннур Ахметжанова, Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Жандарбек Кабдраш және «Жасыл Ел» штабының командирі Арина Краскова айтып берді. Олардың мәліметінше, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастамасы аясында Павлодар облысында жыл басынан бері 400-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, өткізілген. Жастар жобаларына, экологиялық ағартушылыққа, волонтерлікке, аумақтарды абаттандыру және көгалдандыруға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, Павлодар облыстық «Жасыл ел» штабы тоғыз экологиялық, ағартушылық және жастар іс-шарасын өткізді. «Jasyl School», «EcoLab» және «Эко-Movie» сияқты әртүрлі білім беру жобалары жүзеге асырылып, экологиялық сабақтар, зияткерлік ойындар, квесттер мен танымдық экскурсиялар ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны жақсартуға жастардың практикалық қатысуы маңызды бағыт болып қала береді. «Жасыл ел» жасақтарының қатысушылары мен волонтерлер сенбіліктер өткізіп, қоғамдық және жағалау аумақтарын қоқыстан тазартуда, көгалдандыру мен абаттандыруға қатысуда. Осындай бастамалардың қатарында «Taza Vibe», «Жер байлығы», «Jasyl Vibe» экологиялық акциялары, «Qaisar Orman» көшеттерін отырғызу және «Ұрпақтар бағы» акциясы бар. Волонтерлік орталық сондай-ақ экологиялық сананы дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. «Eco Cinema Night» кино көрсетілімі, «Eco-серпін» мен «Damys Time» экологиялық квесттері, «ЭкоПрогулка» үстел ойыны және қатысушылары қайта өңделген материалдардан жасалған образдарды ұсынған «RE:FASHION» жастар сән көрсетілімі өтті. Сонымен қатар, «ЗооДостар» жобасы аясында құстар мен жануарларға қамқорлық жасау жөніндегі іс-шаралар, оның ішінде «Құйрықты DIY» шеберлік сыныбы өткізілуде.

    Фото: ChatGPT

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар ауданының әкімдігі" жаңалықтары