Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданы 3,96 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 40 047 адамды құрады, оның ішінде қала халқының саны – 17 842 адам, ауыл халқының саны – 22 205 адамды құрады. Ауданда 10 ауылдық округ, 32 елді мекен бар.
ӨНЕРКӘСІП
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қыркүйек айында нақты бағада 139,9 млн.теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 91,7% құрады. Тау-кен өнеркәсібі 84,6%, өңдеуші өнеркәсібі 118,1%, азық түлік өнімдерін өндіру 111,0% құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ
2026 жылдың қыркүйек айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 26 017,5 млн теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 82,8% құрады. Тұрғын үйді енгізу өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 101,4% құрады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.
2026 жылдың қыркүйек айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы 2 280,6 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 78,9%-ды) құрады.
35 395,9 тонна (115,9%) - сүт өндірісі.
5 556,7 дана (87,9%) – жұмыртқа.
2026 жылдың қыркүйек айында Ірі қара мал саны 112,0 %, оның ішінде сиырдың басы 119,8% көбейді, қой мен ешкі саны 80,4%, жылқы басы 80,5%, шошқа басы 81,7%, құс басы 112,7% құрады.
2026 жылдың қыркүйек айында орташа еңбек ақы мөлшері 416 772 теңгені құрады, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,3 %-ға ұлғайды
Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 101,3 % құрады.
shemonaiha.vko.gov.kz / Cтатистика
Орындаушы: Шагатаева Р.Б. Тел. +7 (72332) 3-13-55 |
Шемонаиха ауданының Статистика басқармасыныңбасшысы: Шагатаева Р.Б. Тел. +7 (72332) 3-13-55 E-mail: [email protected] |
Мекенжай: Капорина 35 |
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті
Баспасөз хабарламаларын бекіту
Шемонаиха ауданының 2026 жылғы қыркүйек
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
№9 2026 жылғы 15 қазан
Лауазымы |
Қолы |
Ажыратылуы |
Шемонаиха ауданының Статистика басқармасының басшысы |
Р.Б. Шағатаева «15» қзан 2026 жыл |




