Сандықтау ауданында жасөспірімдер қылмыстылығы мәселелері бойынша отырыс өтті

    Аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімдігінде «Заң мен тәртіп» конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

    Отырыс барысында 2026 жылдың 9 айындағы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстылықтың жай-күйі, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мәселелері қаралды.

    Отырыс қорытындысы бойынша жауапты қызметтерге профилактикалық жұмысты және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша тапсырмалар берілді.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары