Аудан әкімі Мейрам Меңдібаев "Арай Астық"ЖШС басшысымен кездесті

    1 / 4
    Аудан әкімі Мейрам Меңдібаев Новосветловка ауылында «Арай Астық» ЖШС басшысы Бахтыбаев Бердыкул Шариұлымен кездесіп, күнбағыс жинау жұмыстарының барысымен танысты.
    Биыл ауыл шаруашылығы кәсіпорны күнбағысты 3 000 гектар алқапқа сепкен.
    Шаруашылық өндірістік инфрақұрылымды да дамытуда. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 20 мың тоннаны құрайтын элеватор құрылысы басталды. Жаңа нысан алдағы жылдардағы өнімді сақтауға мүмкіндік береді.
    Жалпы аудан бойынша майлы дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Алдын ала мәліметтер бойынша, биыл майлы дақылдардың өнімділігі гектарына 13 центнерді құрайды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Айыртау ауданының әкімдігі" жаңалықтары