Қазақстан Душанбеде өткен ШЫҰ елдерінің халықаралық жастар форумына қатысты

    1 / 2

    Тәжікстанның Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің «Тұрақты болашақ жолындағы жастар ынтымақтастығы: су, мұздықтар және климат» атты халықаралық жастар форумы өтті. Жиынға ШЫҰ Жастар кеңесінің ұлттық бөлімдерінің өкілдері, соның ішінде Қазақстан делегациясы қатысты.

    Қатысушылар ШЫҰ елдері арасындағы жастар ынтымақтастығын кеңейту және халықаралық бастамаларды қолдау жолдарын қарастырды. Форумда су қорын сақтау, мұздықтарды қорғау, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету мәселелері талқыланды.

    Жиын қорытындысында делегаттар ШЫҰ-ның жастардың су мәселелері жөніндегі бастамасына қатысты ортақ мәлімдеме ұсынды. Сондай-ақ бастаманың тұжырымдамасын талқылап, әр елден жауапты үйлестірушілерді айқындады.

    Халықаралық форум ШЫҰ елдерінің жастары арасындағы байланысты нығайтып, экологиялық мәселелерді бірлесе шешу жолдарын талқылауға бағытталды.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары