Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ALIPH Foundation қорының қолдауымен Қазақстан мен Өзбекстанның қолжазба мұрасын сақтау және қалпына келтіру бойынша халықаралық жоба ұйымдастырылып, мамандар оқытудан өтіп жатыр.
Қазақстан мен Қырғызстан кітапханаларының мамандары қатысқан оқытудың екінші кезеңі аяқталды. Сабақтарды STERNA Heritage ұйымының негізін қалаушы Константина Папавасилеу, Грекия Ұлттық кітапханасының маманы Никлас Саррис және Түркияның Қолжазбалар мекемесі жанындағы консервация бөлімінің негізін қалаушы Нил Байдар жүргізді.
Оқу барысында қатысушылар көне қолжазбаларды реттеу, қағаз бен кітап мұқабасын сақтау әдістерін меңгерді. Сондай-ақ жазба ескерткіштердің бүліну себептерін анықтау және оларды қалпына келтіру тәсілдерін үйренді.
Жоба Орталық Азияның бірегей жазба мұрасын сақтау, мамандардың кәсіби білігін арттыру, тарихи құжаттарды сақтау және қалпына келтіру бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі









