Қазақстан Халық Кеңесі мүшелерімен бірге үкіметтік емес ұйымдар туралы заң жобасы талқыланды

    1 / 3

    Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде ҮЕҰ қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру мәселесі қаралды.

    Жиында қатысушылар «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының негізгі ережелерін талқылап, азаматтық қоғам өкілдерінің ұсынысын ортаға салды. Сондай-ақ мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қарым-қатынастың құқықтық тетіктерін жетілдіру мәселесіне айрықша мән берілді.

    Кездесу барысында заң жобасын пысықтауға қатысты ұсыныс жасақталды. Олар алдағы жұмыс барысында қаралады.

    Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленіп жатыр.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары