Астаналық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды

    1 / 5

    Алматыда мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» сериясына жататын халықаралық турнир – Денис Тен мемориалы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Астананың спортшысы Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан қола медаль иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Жаңа «Rivals» еркін бағдарламасын орындағаны үшін мәнерлеп сырғанаушы 134,91 ұпай жинап, осы кезеңде екінші нәтиже көрсетті. Қысқа және еркін бағдарламалардың жалпы қорытындысы бойынша Софья 204,36 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.

    Турнирде бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен Александра Игнатова 226,01 ұпаймен жеңімпаз атанды. Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпай жинап, күміс медаль жеңіп алды.

    Сондай-ақ турнирде Қазақстан атынан Нұрия Сүлеймен (14-орын), Алика Халимова (15-орын), Амира Ирматова (16-орын), Зере Сарбалина (18-орын) және Әмина Алексеева (19-орын) өнер көрсетті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары