«Батыр мен бүркіт» — шығармашылық пен ұлттық құндылықтың үйлесімі

    Аққулы ауданының білім беру ұйымдарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Осындай игі бастамалардың бірі — қалдық заттардан ерекше костюм жасау жобасы.

    Сынып жетекшісі Кусманова Гүлмира Жұмағалиқызының жетекшілігімен оқушылар мен ата-аналар бірлесіп, қайта пайдалануға болатын материалдардан «Батыр мен бүркіт» атты ерекше костюм әзірледі.

    Бұл шығармашылық жұмысты дайындауға оқушы Жексен Дамирдің анасы Олжабай Аяулым Сәкенқызы мен Мусаханов Елназардың анасы Тажиева Махаббат Рашидовна белсене атсалысты. Ата-аналардың қолдауы мен балалардың қиялы ұштасқан туынды ұлттық болмысымызды, батырлық рухты және табиғатқа деген құрметті бейнелейді.

    Жобаның басты ерекшелігі — тұрмыста пайдаланылған қалдық материалдарға екінші өмір сыйлап, олардан көркем әрі мазмұнды бұйым жасауында. Бұл бастама балаларды қоршаған ортаны қорғауға, ресурстарды үнемдеуге, шығармашылықпен ойлауға және еңбекті бағалауға тәрбиелейді.

    Бүгін жоба авторлары Павлодар қаласындағы «ERTIS» телеарнасына барып, өздерінің ерекше туындылары туралы сұхбат берді. Сұхбат барысында «Батыр мен бүркіт» костюмінің жасалу идеясы, оны дайындау барысы және жобаның тәрбиелік мәні туралы әңгімеледі.

    Осындай бастамалар отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мұраға құрмет, экологиялық жауапкершілік және шығармашылық ізденіс қасиеттерін қалыптастырады.

    «Батыр мен бүркіт» — жай ғана костюм емес, ұлттық рухтың, отбасылық бірліктің және табиғатқа жанашырлықтың жарқын көрінісі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім беру басқармасының «Аққулы ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары