Тәртіп әр адамнан басталады: Жетісу полициясы тазалық ережесін бұзушыларды анықтауды жалғастыруда

    1 / 2

    Жетісу облысының полициясы өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және тазалықты сақтау бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізіп келеді. Алайда атқарылып жатқан шараларға қарамастан, туған жері мен қоршаған ортаға жанашырлық таныта бермейтін азаматтар да бар.

    Талдықорған қаласында қоғамдық орынның ластану дерегін полицияның Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары тіркеді. Бейнежазбада 34 жастағы ер адамның абаттандырудың қарапайым талаптарын елемей, темекі тұқылын жерге тастағаны анық көрінеді.

    Сот шешімімен құқық бұзушыға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 40 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалуы мүмкін.

    Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады. Бейнебақылау камералары қоғамдық орындардың ластану деректерін тіркеуді жалғастырып, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.

    Полиция Жетісу облысының тұрғындарын туған жерін құрметтеуге, абаттандыру қағидаларын сақтауға және көшелердің, аулалар мен қоғамдық орындардың тазалығына бейжай қарамауға шақырады.

    Өйткені өңірдегі тәртіп пен тазалық тек тиісті қызметтердің жұмысына ғана емес, әр адамның жауапкершілігіне де байланысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары